Танымал маман: «Ақтөбенің» соңғы ойындары көңілден мүлде шықпайды

18.06.2025, 15:54

Отандық танымал бапкер Асқар Қожабергенов «Ақтөбенің» Еуропа Лигасындағы мүмкіндіктерін таразылап, қарсыласы «Легия» жайлы пікірімен бөлісті.

Танымал маман: «Ақтөбенің» соңғы ойындары көңілден мүлде шықпайды
"Ақтөбе" командасының жаттығуы

Естеріңізге сала кетейік, қос команда арасындағы кездесулер шілденің 10 мен 17-де өтеді.  

«Қазақстандық командалардың ішінде «Ақтөбеге» ең қиын қарсылас жолықты деп ойлаймын. Бұл жерде жеребеге көңіл толтыруға болмайды. «Легия» Польша футболының көшбасшысы әрі титулға ең бай клубы. Оған қарсы біздің командалардың нәтижелері де нашар. «Ақтөбеге» өте қиын болады. «Легияға» қарсы тұру үшін ақтөбеліктерге күшейіп алу керек. Өйткені, «Ақтөбенің» соңғы ойындары мүлде көңілден шықпайды, әсіресе шабуылдағы ойыны сүреңсіз. Егер Еурокубоктерде гол сала алмасақ, онда турнирде ары қарай өту мүмкін емес», - деді А. Қожабергенов «Sports.kz» ке берген сұқбатында.

«Ақтөбе» премьер-лигада 12 турдан кейін үшінші сатыда. Вячеслав Левчук жаттықтыратын ақтөбелік клубтың еншісінде 26 ұпай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×