Германия-Бразилия: 3:2

12.08.2011, 02:09
Германия-Бразилия: 3:2
Сәрсенбінің кешінде бес құрлықтың алыптары да өзара сынға түсті. Көпшіліктің назарын аударған матч Штутгарта болды. Қазақстанмен бір топтағы Германия Бразилиямен жолдастық кездесу өткізді. Соңғы жылдары талантты жастары көптеп шыға бастаған немістер әлемнің бес дүркін чемпиондарынан басым түсті. Алпысыншы минутқа дейін қақпа кілтін таба алмаған қарсыластар, сосын нәтиже көрсетті. Алдымен Бастиан Швайнштайгер пеналтиден есеп ашса, араға алты минут салып, Марио Гетце есепті еселеді. 71-ші минутта Робиньо пенальтиден көзге түсіп, арадағы айырманы қысқартты. Алайда неміс жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін паш еткен Йоахим Лев шәкірттері тағы бір мәрте Сезар қорғаған қақпадан саңлау тапты. 20 жасар Андре Шюррле Германияда тағы бір таланттың өсіп келе жатқанын байқатып, ұлттық құрама сапына тегін келмегенін дәлелдеді. Кездесу аяқталар тұста, Бразилия үміті Неймар мергендік танытып, ойынды қыздыра түсті. Бірақ таразы басын теңестіруге қонақтардың шамасы жетпеді. Есеп:3:2. Германия қазір нағыз бабына ене бастағанын көрсетті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×