Германияда өткен матч коронавирустың әсерінен 37-0 есебімен аяқталды

17.09.2020, 16:25
Одан да техникалық жеңіліс тіркегені дұрыс еді.
Германияда өткен матч коронавирустың әсерінен 37-0 есебімен аяқталды

«Рипдорф / Мольцен II» неміс футбол клубы "Холденштедтен" әлеуметтік дистанциялық ережелерге байланысты 37 гол жіберіп алды, деп хабарлайды Goal.

Дереккөздің айтуынша, матч қарсаңында "Холденштедт" клубында коронавирус жұқтырған ойыншылардың бар екені белгілі болған. Осыған байланысты "Рипдорф" матчты басқа күнге ауыстыруды сұрады, бірақ олардың өтініші қабылданбады.

"Рипдорф" матчқа қатысудан бас тартқан жағдайда ауыр жазаға тартылуы мүмкін екен, сондықтан клуб алаңға шығуға шешім қабылдады, бірақ команда әлеуметтік дистанциялық хаттамада көрсетілген ережені толықтай сақтады. Нәтижесінде "Холденштедт" ойыншылары 37 рет еш кедергісіз гол соқты. "Рипдорф" ойыншылары оларды қауіпсіз қашықтықтан бақылап отырған. Матч "Холденштедтің" пайдасына 37:0 есебімен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×