Байсейітов: «Біз Зайнутдиновты алуға тырысқан едік»

17.09.2020, 16:40
«Ордабасы» алғанда қазір ЦСКА-да жүрмес пе еді...
Байсейітов: «Біз Зайнутдиновты алуға тырысқан едік»

«Ордабасы» президенті Бақтияр Байсейітов «Смақовтың баласы» YouTube-арнасына берген сұхбатында Бахтиер Зайнутдинов туралы пікір білдірді. Сондай-ақ ол шымкенттік клубтың бұрынғы ойыншы, қазіргі «Қайраттың» қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаевтың жақында Беларуссиямен (1:2) өткен матчта Қазақстан құрамасының жеңілуіне кінәлі емес екенін түсіндірді.

«Литвамен матчта мен Зайнутдинов үшін қатты қуандым. Бір кездері біз оны "Ордабасыға" шақырып үлгермедік - футболшыны "Астана" ұстап алды, содан кейін ол сол жерде ойнауын жалғастырды. Оның гол соққаны жақсы болды. Қазақстан үшін жағымды сәт және команда осы голдан кейін басқаша ойнады».

«Гафур - жақсы жігіт, сенімді ойыншы. Барлық жағынан алғанда керемет адам. Егер сізге көмек керек болса, ол түнгі сағат үште тұрып, он шақырым жүріп өтіп, көмектеседі. Бұл жерде қатенің себебін Ғафуржаннан емес, Покатиловтан іздеу керек. Ол матчтың барлық 90 минутында әр ойыншының не істеп жатқанын қадағалап отыруы керек. Ол қолын көтеру керек, Гафуржан допты қақпашыға қарай қарай лақтырады, қақпашы сол кезде жүгіру керек. Ол тұрды, су ішкісі келді. Гафуржан қатты лақтырған жоқ, қарсыластың ойыншысы жүгірді, ал Покатилов шыға бергенде, ол оны алдап жіберіп, гол соқты. Покатилов оған көмектесе алар еді, бірақ олай болмады. Бұл жерде Гафуржанның кінәсі жоқ. Әрине, қақпашы сұраған жоқ, бірақ Ғафуржан - супер ойыншы. Шпилевский оны капитан етіп таңдағаны таңқаларлық емес. Ол әрқашан командаға көмектеседі», - деді Байсейітов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×