Тьяго Алькантара «Ливерпульге» ауысуға жақын

17.09.2020, 23:01
Тьяго келді деген сөз Вейналдумның «Барсаға» ауысқанын білдіреді.
Тьяго Алькантара «Ливерпульге» ауысуға жақын

«Бавария» футбол клубының төрағасы Карл-Хайнц Румменигге жартылай қорғаушы Тьяго Алькантараның "Ливерпульге" ауысатынын растады. Бұл туралы журналист Хайко Ниддерер өзінің твиттер парақшасында хабарлады.

Бұған дейін трансфердің бастапқы сомасы 20 миллион фунт стерлингті (шамамен 22 миллион еуро) құрайтыны және бонус есебіндне тағы 5 миллион фунт стерлинг (5,5 миллион еуро) берілетіні хабарланған болатын.

Еске салайық, өткен маусымның аяғында Алькантара «Бавариядан» кетуге ниет білдірген болатын. Ол бұл туралы клуб басшылығына хабарлаған.

Тьяго - "Барселонаның" түлегі, ол 2008 жылдан 2013 жылға дейін осы клубтың намысын қорғады, содан кейін "Баварияға" ауысты. Өткен маусымда ол Бундеслиганың 24 матчына қатысып, 3 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×