«Қайсар» алғашқы матчта сүрінді

18.09.2020, 00:46
Бұл «Қайсардың» еурокубоктағы алғашқы матчы болды.
«Қайсар» алғашқы матчта сүрінді

Қызылордалық "Қайсар" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрлік АПОЭЛ-ден ұтылып қалды.

Кездесу Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 1:4 есебімен аяқталды.

Матчтағы алғашқы әрі жылдам голды "Қайсар" соқты. АПОЭЛ қақпашысы Асхат Тағыбергеннің соққысын дұрыс ұстай алмады, ал оның қателігін Элгуджа Лобжанидзе пайдаланып кетті. Кипрлік клуб көп ұзамай есепті теңестірді. 14-минутта айып алаңында жалғыз қалып қойған Де Винсенти гол соқты. Ал Тухами 26-минутта қонақтарды алға шығарды. Екінші тайм бастала салысымен Атзили өз командасының үшінші голын соғып, матч нүктесін қоюға тырысты. Бірақ бұл соңғы гол болмай шықты. 93-минутта Де Винсенти дубль авторы атанды

Жеңіліс тапқан "Қайсар" жарыс жолынан шығып қалды. Ал АПОЭЛ 3-кезеңде "Олимпия" / "Зрински" жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×