«Барселонаның» формасы моншаға арналған сүлгіге ұқсайды - Ресейлік комментатор

18.09.2020, 01:26
Биылғы маусымда көптеген командалар түсініксіз формамен өнер көрсетпек.
«Барселонаның» формасы моншаға арналған сүлгіге ұқсайды - Ресейлік комментатор

Бұрынғы танымал футбол комментаторы, ал қазіргі танымал блогер және журналист Василий Уткин "Барселонаның" жаңа формасын сынға алды.

16 қыркүйек күні «Барселона» қызғылт-жасыл түсті үшінші формамен «Жиронамен» жолдастық кездесу өткізді. Ойын 3:1 есебімен каталондықтардың жеңісімен аяқталды.

«Мен бәрін түсінемін, бұл үшінші форма, бірақ бәрібір ұнамады. Каталониялық команда үшін ұят. Команда жейдесінің түсі моншаға арналған орамалдың түсіндей екен, гаммасы соған сәйкес», - деп жазды Уткин өзінің телеграмм-каналында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×