«Астана» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

18.09.2020, 02:49
Еурокубокта бір ғана командамыз қалды. Әзірге...
«Астана» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

Елордалық "Астана" Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Черногориялық "Будучность" командасынан жеңіліп қалды.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 25-минутта "Будучность" клубының ойыншысы Терзич соқты.

Өз алаңында жеңіліс тапқан "Астана" турнирді осы жерден аяқтайды. Ал "Будучность" келесі кезеңде Босниялық "Сараевомен" ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×