«Қайрат» әдетіне басты

18.09.2020, 05:46
Еурокубок қош бол! Тағы бір жыл күте тұрамыз.
«Қайрат» әдетіне басты

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының екінші кезеңінде Израильдік "Маккаби Хайфадан" жеңілді.

Ойын Израильдегі "Сэмми Офер" стадионында өтіп, 2:1 есебі тіркелді.

Матчтағы алғашқы голды 31-минутта алаң иелері соқты. Гол авторы - Ашкенази. Бірақ 46-минутта Сүйімбаевтың керемет пасын пайдаланған Вагнер Лав есепті теңестірді. 71-минутта алаң иелері сапынан Рукавица гол соғып, кімнің мықты екенін көрсетті.

Сырт алаңда жеңілген "Қайрат" Еуропа лигасындағы жорығын екінші кезеңнен аяқтады. "Маккаби" келесі кезеңде Ресейлік "Ростовпен" бақ сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×