Пол Эшуорт: «Барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын»

18.09.2020, 15:24
Командаға бас бапкер тағайындағанда басқаша болар ма еді...
Пол Эшуорт: «Барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын»

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Черногория чемпионы «Будучность» командасына 0:1 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ойын соңында елордалық командадағы бас бапкердің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті: 

- Біз бірінші таймды өте нашар өткіздік деп есептеймін. Ал екінші таймда ерекше жігер көрсетіп, жақсы ойнадық. Біздің футболшылар психологиялық тұрғыда ойынға дайын болмағаны анық көрінді. Біздің футболшыларда алғашқы минуттан бастап қорқыныш болды ма, өзімізге тән ойын үлгісін көрсете алмадық. Мүмкін біз жеңіліп қалудан қорыққандықтан ба, бізге сенімділік жетіскен жоқ.

Екінші таймда барлығы жақсы болғанымен, бәрі кеш болды. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық. Мұндай сәттерде айырмашылық анық байқалады — кім Еуропа Лигасында ойнауын жалғастырады, ал кім қалыс қалады. Бірақ мен жауапкершілікті өз мойныма аламын, өйткені мен бас бапкермін. Мен осы психологиялық сәттердің бәрін алдын-ала білуім керек еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×