Екінші кездесу болса, жеңімпаз басқа команда болар еді - «Будучность» клубының бас бапкері

18.09.2020 11:08 Еуропа Лигасы

«Будучность» уақыт созу жағынан шебер команда екен.

Екінші кездесу болса, жеңімпаз басқа команда болар еді - «Будучность» клубының бас бапкері

"Будучность" командасының бас жаттықтырушысы Младен Миленкович Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астанамен" болған матч туралы пікір білдірді. Атап айтқанда, ол Черногория клубының бюджеті және қазақстандық клубтың ойыншылары туралы айтты.

«Мен өз ойыншыларымды құттықтағым келеді, бұл клуб тарихындағы ең үлкен жетістік, мен өз ойыншыларыммен мақтанамын. "Астанамен" матчта бізге ешкім де, тіпті Черногория да сенген жоқ. Мен ойыншыларға: біз кішкентай елміз, бізге ешкім сенбейді, бірақ біз керемет команда екенімізді көрсетеміз деп айттым. Біз бұл жеңіске лайықпыз.

«Астана» - өте тәжірибелі команда, ал біздің клубта мансабындағы екінші матчын өткізген жігіттер болды. Біз қарсыластарды жақсы талдадық, олардың шабуыл шебінде өте сапалы ойыншылар бар. Атап айтқанда, мен Томасов негізгі құрамнан шығады деп ойладым, бірақ олай болмады. Сондай-ақ, егер екінші кездесу болса, бәрі басқаша болып, жеңімпаз басқа команда болар еді.

Біздің бюджет? 1-2 миллион еуро, бұл балалар мен жасөспірімдер командаларын қосқанда бүкіл клубтың бюджеті. Мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнағым келмейді деп айтсам, өтірік болып кетер, клубтың алдағы жылдары осы деңгейге жету жоспары бар», - деді Миленкович.

"Будучность" клубынан жеңілгеннен кейін қазақстандық клуб алты жыл ішінде бірінші рет еуропалық жарыстардың топтық кезеңінде өнер көрсетпейді.

0 пікір