«Ювентус» Игуаиннің орнына 34 жасар шабуылшыны сатып алмақшы

18.09.2020, 16:23
Туриндік клуб Луис Суарестің трансферінен бас тартты.
«Ювентус» Игуаиннің орнына 34 жасар шабуылшыны сатып алмақшы

«Рома» футбол клубының шабуылшысы Эдин Джеко туриндік «Ювентуске» ауысады. Трансфер құны 15 миллион еуроны құрады, деп жазады журналист Фабрицио Романо өзінің Instagram парақшасында.

Дереккөздің айтуынша, клубтар өзара келісімге келген. Босниялық шабуылшы жақын арада медициналық тексерістен өтеді. Джеконың орнына «Наполидің» шабуылшысы Аркадиуш Милик "Рома" сапын толықтыратын болады.

Джеко «Ромаға» 2015 жылдың жазында «Манчестер Ситиден» ауысып келген еді. Өткен маусымда 34 жастағы шабуылшы Италия чемпионатының 35 матчына қатысып (негізгі құрамда - 31), 16 гол мен жеті нәтижелі пастың авторы атанды. Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ал "Ювентус" болса Джеко үшін негізгі құрамнан орын дайындап қойды. Күні кеше Туриндік клуб Гонсало Игуаиннің командадан кеткенін мәлімдеді. Екі тарап келісе отырып, келісімшартты бұзған екен. Аргентиналық шабуылшы алдағы уақытта "Интер Майами" клубына ауысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×