Сетьен «Барселонаны» сотқа бермек

18.09.2020, 17:51
Месси мен Сетьеннің жауы бір - Бартомеу
Сетьен «Барселонаны» сотқа бермек

«Барселонаның» бұрынғы бас бапкері Энрике Сетьен каталондық клубты сотқа бермекші, деп хабарлайды Football Espana.

«Барселона» Сетьенді жұмыстан шығаруды тек осы аптада, бапкерлік міндетінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң ғана рәсімдеді. Сетьеннің адвокаттары клубтан өтемақы ретінде 4 миллион еуро талап етеді. Испаниялық маман өз мәлімдемесінде «Барселонаның» президенті Хосеп Мария Бартомеу оған жұмыстан шығару шарттары туралы ешқашан айтпағанын хабарлады.

Тамыз айының соңында "Барселона" Сетьенді қызметінен босатқан еді. Отставкаға кеткенін растау үшін бапкер клубқа бюро жіберді, және ол туралы шешім енді сот залында қабылдануы керек.

Еске салайық, Сетьен «Барселонаға» 2020 жылдың 13 қаңтарында жұмыстан шығарылған Эрнесто Вальверденің орнына келген еді. Сетьеннің басшылығымен каталондық клуб Испания чемпионатында екінші орын алды, ал Чемпиондар лигасында ширек финалға дейін жетіп, онда Мюнхеннің «Бавариясына» 2:8 есебімен есе жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×