Германиялық футболшы 90-минутта отыз метрден жеңіс голын соқты

14.02.2017, 21:18
Германиялық футболшы 90-минутта отыз метрден жеңіс голын соқты
«Дуйсбург» жартылай қорғаушысы Фабиан Шнельхардт Германияның үшінші дивизионында «Мюнстер» қақпасына маңызды гол соқты. Кездесудің негізгі уақыты біткенде есеп 2:2 болып тұрған. Төреші қосқан қосымша уақытта доп Шнельхардттың аяғына келген, Фабиан ойланбастан 30 метрден жойқын соққы жасады. Оның голы командасына жеңіс сыйлады. Чемпионаттың 22-турынан соң «Дуйсбург» 42 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Мюнстер» 24 ұпай жинап, 17-ші орында келеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×