Германиялық қазақ футболшысы «Қыранға» келеді

12.02.2015, 02:39
Германиялық қазақ футболшысы «Қыранға» келеді
Ел біріншілігінің бірінші лигасында ойнайтында Шымкент қаласының «Қыран» командасы» сыртта жүрген тағы бір қандасымызбен толығуды көздеп отыр. Бұл жолы Германияда дүниеге келген клубқа Нәби Филиз келмекші.
Нәби Германияның Розенхайм қаласында дүниеге келген. «Баварияның» жастар академиясында аладопты меңгерген. Одан кейін 2009 жылы «Унтерхакинг» командасының жастар құрамасына қабылданып, сол кезде кәсіби футболшыға берілетін лицензияны алған. Германияда футзалдан аймақтық лигалардың бірінде доп тепкен. Былтырғы жылы алғаш рет «Ордабасының» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан еді. Бірақ ол кезде команданың бас бапкер этникалық қазақ футболшысын легионер ретінде ала алмайтынын мәлімдеген болтын. Содан кейін Нәби Германияға қайта оралды. Енді, міне, Шымкенттен тағы ұсыныс түсті. Бұл жолы «Ордабасы» емес, «Қыран» командасынан. Былтырғы маусымда осы «Қыран» командасында Еуропада өскен тағы бір қазақ футболшысы Мұрат Өнал ойнады. Мұрат өзіне артылған сенімді ақтап, 14 гол соқты. «Қыран» алдағы аптада Түркияның Анталья қаласына оқу-жаттығу жиынына аттанады. Сол жиынға осы Нәбиде шақырылады. Бас бапкердің көңілінен шығып жатса, клуб басшылары келісімшартқа отыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×