Германияның 2020 жылғы үздік ойыншысы анықталды

11.01.2021, 04:00
Нойер өткен маусымда мүмкін болған кубоктың барлығына қол жеткізді.
Германияның 2020 жылғы үздік ойыншысы анықталды

"Бавария" қақпашысы Мануэль Нойер Германияның 2020 жылғы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Германия футбол қауымдастығының ресми сайты.

"Мюнхендік "Бавария" қақпашысы өзінің шеберлігін бірнеше рет дәлелдеді, қиын кездесулерден кейін де қарапайым тілде сөйлейді және алаңда бас бапкер Йоахим Лёвтің оң қолы болып табылады. 34 жастағы ойыншы өткен маусымда "Бавариямен" клубтық деңгейдегі барлық кубокты: Германия чемпионатын, Германия кубогын, Чемпиондар лигасы, ел суперкубогы мен УЕФА суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар жақында Нойер бесінші рет әлемнің үздік қақпашысы атанды, содан кейін Еуропаның ең үздік қақпашысы атанды.

Енді Германияның нөмірі бірінші қақпашысы тағы бір марапатқа ие болды. Ұлттық құраманың жанкүйерлері де Нойерді елдің 2020 жылғы ең үздік ойыншысы ретінде таныды. Ол сауалнамада 57,8% дауыс жинап, қарсыластарынан басым түсті. Серж Гнабри екінші орынға жайғасты (15%). Матиас Гинтер 9,3% дауысқа ие болды", - деді қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×