Альфи Девайн “Тоттенхэм” сапында қос бірдей тарихи жетістікке қол жеткізді

11.01.2021, 06:33
Жас жігіттер жарап тұр.
Альфи Девайн “Тоттенхэм” сапында қос бірдей тарихи жетістікке қол жеткізді

Англия Кубогінің 1/32 финалында “Тоттенхэм” қонақта сегізінші дивизионның “Марин” клубын тас талқан (0:5) етті.

Бірінші таймда Карлос Винисиус хет-трик (24’, 30’, 37’) жасаса, Лукас бір голмен (32’) көзге түсті.

Ойынның екінші бөлігінде Альфи Девайн ойынға қосылып, “Тоттенхэм” сапында алаңға шыққан ең жас (16 жас 163 күн) ойыншы атанды. Ал матчтың 60 минутында Альфи “Марин” қақпасының торын бесінші рет тулатып, тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол клуб тарихында гол соққан ең жас (16 жас 163 күн) ойыншы атағына ие болды.

Девайн ағымдағы маусымда “Тоттенхэм U-18” сапында жеті ойынға қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×