Алексей Щёткин мен Дмитрий Шомко ресейлік клубқа ауысуға жақын

11.01.2021, 15:59
Екі ойыншының да «Астанамен» келісімшарты аяқталды.
Алексей Щёткин мен Дмитрий Шомко ресейлік клубқа ауысуға жақын

Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін "Ротор" клубы "Астананың" ойыншылары Алексей Щёткин мен Дмитрий Шомкоға қызығушылық танытуда. Ресейлік клуб екі ойыншымен де келісімшарт жасасуға жақын.

Transfermarkt 1,5 миллион еуроға бағалаған 30 жастағы Шомко "Астана" сапында 253 матч өткізіп, 12 гол соғып, 48 нәтижелі пас берген. Футболшының еншісінде Қазақстан құрамасында өткізген 45 кездесуі мен 2 голы бар.

600 мың еуроға бағаланған 29 жастағы Щёткин "Астана" сапында 91 ойында 17 гол соғып, 6 голдық пас шығарған. Ұлттық құрама сапында ол 33 ойын өткізіп 4 гол соқты.

"Ротор" дәл қазіргі сәтте РПЛ-дің турнирлік кестесінде 13-ші орында тұр. Бұған дейін "Ротор" клубы "Астананың" жартылай қорғаушысы Иван Маевскийді еркін агент ретінде алғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×