Роналду ерекше статистикалық жетістікке қол жеткізді

11.01.2021, 17:42
Роналду кеше мансабындағы 759-шы голын соғып Йозеф Бицанның рекордын қайталады.
Роналду ерекше статистикалық жетістікке қол жеткізді

Кеше "Ювентус" өз алаңында "Сассуолоны" қабылдады. Кездесу алаң иелерінің (3:1) жеңісімен аяқталды. "Ювентус" сапында Данило, Аарон Рэмси және Криштиану Роналду көзге түссе, "Сассуоло" клубының жалғыз голын Грегор Дефрель соқты.

Twitter-де OptaPaolo хабарлағандай, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду бұл кездесуде тарихи белесті бағындырды. Ол Еуропаның Топ-5 лигасында соңғы 15 маусым бойы кем дегенде 15 голдан соққан жалғыз футболшы атанды.

"Ювентус" үшін бұл Италия чемпионатындағы қатарынан үшінші жеңіс болды. Туриндік клуб 33 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. "Сассуоло" (29 ұпай) жетінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×