Гетериев құрамадағы орнын Дмитрий Евстигнеевпен алмастырды

29.08.2011, 16:29
Гетериев құрамадағы орнын Дмитрий Евстигнеевпен алмастырды
Ұлттық құрама сапында оқу жаттығу жиынына шақырылған  жартылай қорғаушы Қазыбек Гетериев жаңа клубы сапында ойынын және өзін физикалық жақсарту мақсатында  дайындыққа қатысудан  бас тартты. " Өздеріңіз білетін шығарсыздар, менің бұрынғы клубым "Жемчужинаның"  жағдайы нашарлап, бұл да менің функционалды дайындығыма әсерін тигізді. Осының салдарынан жаңа клубқа ауысуыма тура келді.  Сондықтан да мен  владикавказдық "Алания" клубына ауыстым.  Алайда әзірше менің ойын-өрнегім, дайындығым  Қазақстан ұлттық құрамасының талабына сай емес. Мен шамамен бір ай да формамды жинап алуым керек, егер сол уақытта ұлттық құрамаға шақырту алсам, қазан айындағы Еуропа біріншілігінің іріктеу сыны аясында өтетін  Австрия мен Бельгияға қарсы кездесуге қуана-қуана қатысамын. Беранек те бұл ойымды құптап уақытша құрама сапына шақырмайтын болып шешті."  дейді ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы. Жаттықтырушылар штабы осыны ескере отырып, Гетериетің орнын қазіргі уақытта оқу-жаттығу жиынында дайындалып жүрген "Тараз" клубының ойыншысы Дмитрий Евстигнеевпен алмастырды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×