Лионель Месси «Альбиселестилердің» капитаны атанды

29.08.2011, 05:37
Лионель Месси «Альбиселестилердің» капитаны атанды
«Альбиселестилердің» бас бапкері Алехандро Сабелья Венесуэламен болар ойында аталмыш құраманың капитандық танғышын  Хавьер Маскераноның қарынан шешіп алып,  кәрі құрлықтың үздігі Лионель Мессиге сеніп тапсырды. Бұл жайлы Сабелья Mundo Albiceleste-ға берген сұхбатында: - Құрама капитанын анықтадым. Капитан болуға жұма күні Еуропа суперкубогінде гол салған супер ойыншы ғана лайық , - деп тұспалдап түсіндірді. Сондай-ақ 2 қыркүйек күні Калькутта қаласында болатын Аргентина мен Венесуэла арасындағы жолдастық кездесуде  Алехандро Сабелья ұлттық құрамасынын алғаш рет бас бапкер ретінде бастап шығады. Естеріңізге сала кетейік, кезінде Марадона өнер көрсеткен аталмыш құрама Америка кубогіндегі  сәтсіз өнер көрсетіп Серхио Батистаның орнына Сабелья келген болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×