"Қызыл сойқандар" "Арсенал арландарын" нокаутқа түсірді + бейнеролик

29.08.2011, 04:50
"Қызыл сойқандар" "Арсенал арландарын" нокаутқа түсірді + бейнеролик
Ағылшын премьер лигасының 3-тур ойындары аяқталды. 30 гол соғылған бұл турда "қызыл сойқандар" мен «зеңбірекшілер» арасында өткен кездесуде 10 гол соғылса, "Уайт Харт Лэйн" стадионына жиналған қалың көрермен 6 голға куә болды. Осылайша атой салған қос «манкуниандық»  клуб  көш басына шықты. Алғашқы ойынында Фергюсен шәкірттерінен ойсырай ұтылған "Тоттенхэм"ойыншылары бұл жолы да оңбай ұтылды. Эдин Джеко "покер" жасаған бұл ойында "Қалалықтар"  қонаққа барып алаң иелерін қонжитып тастады. Ал, «Басбидің сәбилері» "Арсеналды" бокс тілімен айтар болсақ, "нокаутқа түсірді. Қаз қатар кірген сегіз доп Арсен Венгер шәкіртерінің салын суға кетірді. Э. Янг қос голдың авторы атанса, У. Руни үш голды Щесны қақпасына енгізді. Сент Джеймс Паркта өткен Ньюкасл - Фулхэм кездесіне келсек алғашқы таймда есеп ашылмады. Ал,  ойының екінші бөлігінде 3 гол соғылды. Алдымен Леон Бест қос гол соқты, алайда Клинт Демпси салған добы есепті қысқартуға ғана жарады. "Шымшықтар" болса өз алаңында шырылдап қалды. Неге десеңіз,  Стоук ойыншысы Райан Шоттонның ойын аяғында салған голы кездесу тағдырын шешті. Манчестер Юнайтед 8:2 Арсенал Голдар: 22' Данни Уэлбек, 28' Эшли Янг, 41' Уэйн Руни, 45' Тео Уолкотт, 64' Уэйн Руни, 67' Нани, 70' Парк Чжи Сун, 74' Робин Ван Перси, 82' Уэйн Руни (пенальти), 90' Эшли Янг Вест Бромвич 0:1 Стоук Гол: 89' Райан Шоттон Тоттенхэм 1:5 Манчестер Сити Голдар: 34' Эдин Джеко, 41' Эдин Джеко, 55' Эдин Джеко, 60' Серхио Агуэро, 68' Юнес Кабул, 90' Эдин Джеко Ньюкасл 2:1 Фулхэм Голдар: 48' Леон Бест, 66' Леон Бест, 88' Клинт Демпси
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×