«Шахтер» үшін сәтті өткен 2013 жылғы маусымда «кеншілердің» намысын қорғаған армениялық жартылай қорғаушы Геворг Газарян қазір клубсыз қалды.
«Олимпиакоспен» екі жақты келісім бойынша келісім-шартты бұзған Газарян енді еркін агент атанды. Енді Армения құрамасының ойыншысы мансабын грекиялық «Каркира» клубында жалғастыруы ықтимал.
Естеріңізде болса, Геворг Газарян 2013 жылы «Шахтерге» жалға беріліп, бір маусым ойнаған болатын.