ФИФA футбол матчтарындағы нәсілшілдікке қарсы жаза шараларын қатайтты

11.05.2025, 14:45

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жаңартылған тәртіптік кодексін бекітті, ол футбол матчтары кезінде нәсілшілдікке жол бергендерге қатысты жаза шараларын күшейтеді, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

ФИФA футбол матчтарындағы нәсілшілдікке қарсы жаза шараларын қатайтты

Нәсілдік кемсітуге байланысты ең жоғары айыппұл 5 миллион швейцар франкін (шамамен 6 миллион АҚШ доллары) құрайтын болады

Егер трибунада нәсілшілдік байқалса, ойынның бас төрешісі матчты уақытша тоқтатуға немесе мүлде доғаруға толық құқылы.

Бұдан бөлек, футболшылардың өздері де көрермендер арасынан құқық бұзушыларды анықтауға көмектесе алады және оларды бірден күшпен алаңнан шығарады.

Жаңа шаралар — ойын барысында немесе стадионда нәсілдік кемсітудің кез келген түрін болдырмау мақсатында қабылданды.

Бұл шешім барлық деңгейдегі халықаралық және ұлттық жарыстарды қолданылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×