
«Астананың» шабуылшысы Джеффри Чинеду vesti.kz-ке берген сұқбатында «Тобылға» қарсы ойын туралы пікірін айтып, клубтың ішкі мәселелері турасындағы ойын ортаға салды.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің сегізінші турындағы кездесуде елордалық клуб 1:3-пен есе жіберген болатын. Бұл «Астананың» жаңа маусымдағы алғашқы жеңілісі.
«Өте қиын ойын болды, біз ұтылдық, алайда, еңсе тіктеп, жұмысты жалғастыруымыз керек. Алда әлі талай матч күтіп тұр және меніңше бізде әлі чемпион болатын мүмкіндік бар. Дәлірек айтқанда, біз чемпион атанамыз.
Айлықтың кешігуі? Бұған қатысты ештеңе білмеймін, қосатын пікірім де жоқ. Бұл маңызды ма? Иә, кейде алдыңғы орынға шығатыны бар. Бірақ сол үшін бүгінгідей ойнауға болмайды. Табандылықпен жұмыс істесек, барлығы болады деп есептеймін», - деді нигериялық шабуылшы.
8-турдан кейін елордалық команда 18 ұпаймен екінші орында, ал «Тобыл» 17 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Келесі турда «Астана» 18-мамырда сырт алаңда «Ұлытаумен» жолығады. Қостанайлық ұжым болса 14-мамырда «Тұранға» қонаққа барады.
Біздің серіктес: FONBET