
«Ордабасы» маусым басындағы сәтсіздікті артқа тастағандай.
Андрей Мартин шымкенттік клубтың түлектеріне сенім артып, премьер-лигада соңғы үш ойынды жеңіспен аяқтады. Мәселен, өткен турдағы «Атырауға» қарсы матчта негізгі құрамда «Ордабасының» бес бірдей шәкірті доп тепті. Керемет серияның арқасында шымкенттік ұжым ұпай санын 11-ге дейін ұлғайтып, қазір 9-орында тұр.
Виктор Кумыков қолда бар қазақстандық футболшылармен жерге қаратпайтындай команда жасақтай алды. Дәлел - «Астанамен», «Қайратпен» өткен тең ойын. Жалпы, биыл «қасқырлар» әрбір матчта барын салып келеді. Олар тіпті жеңілген кездесулердің өзінде де жаман көрінген жоқ. Тек кей ойындарда жастарға тәжірибе мен сәттілік жетіспей жататыны бар. Ол туралы бас бапкерінің өзі де сан рет айтқан еді. «Қайсар» әзірге 4 ұпаймен он бірінші сатыға жайғасуда.
Болжам - матчтың жалпы тоталы 3-тен көп болады. Осы нұсқаны жөн көргендерді Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде 3.10 коэффициент күтеді.
Біздің серіктес: FONBET