Голландиялықтар кубокқа қол созбақ

09.06.2012, 21:50
Голландиялықтар кубокқа қол созбақ
[caption id="" align="alignleft" width="281" caption="Ван ПЕРСИ бүгін алғашқы голын соғуы мүмкін"][/caption] Голландия-Дания

Голландия және Дания арасындағы кездесуде қызғалдақтар елінің өкілдері жеңіске жетеді деп сенемін. Шабуыл мен жартылай қорғаныста ойнайтын ойыншылардың аты жөніне қарасаңыщдар тіпті кімді алаңға шығарамын деп ойлануыңыз ықтимал. Ұзақ ойлануға да  болады. Бірақ, Берт Ван Марвеийк тиісті шешімін шығарып, Робин Ван Перси бастаған жігіттерге жақсы ойынның үлгісін сызып береріне күмәнім жоқ. Аталған "кононир" бүгінгі кездесуде Еуродағы алғашқы голдарын соға да бастайтын шығар. Снейдер, Ван Дер Варт, Де Ионг секілді ойыншылар орталық алаңда өнер көрсетер болса голландиялықтарда онда үлкен бетон қамал тұрғызды деп есептей беріңіз. Есеп 3-0.

Германия - Португалия

Неміс мәшинесін бүгін оталдыратын бірнеше мүмкіндік, әрі себептер бар. Турнирдің алғашқы кездесуінде азуылы қарсыласпен түскен Лев шәкірттері маңызды ұпайға қол жеткізу үшін ештеңеден де аянбас. Дегенмен, шабуыл өтіндегі Клозе мен Гоместің тек қана тәжірибиелері көмектеспесе, қорғанысы жақсы португалдықтарға қарсы ойында қиын болары сөзсіз.

Қорғаныста Германияда кішкене ақаулар болып тұр. Иоахим Левтің басты мәселесі Криштиану Роналдуға қарсы ойнайтын қорғаушыны анықтау болып отыр. Жером Боатенгтің жалпы өте қиындау ойнайтынын білесіздер. Ал Ларс Бендер аса қатты тәжірибиелі ойыншы да емес. Сондықтан да, Криштиануды тоқтату үшін немістерге кішкене сақтық қажет болып отыр. Менің ойымша есеп 2-1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×