«Қайрат» командасының 2011 жылғы ең үздік ойыншысы кім деген сауалға жауап берген команда жанкүйерлері Константин Головскойды үздік деп таныды.
Клубтың ресми сайты жүргізген бұл сауалнамаға барлығы 275 жанкүйер қатысқан. Кезінде мәскеулік «Спартак» сапында өнер көрсеткен тәжірибелі жартылайқорғаушы өткен маусымда «Қайрат» сапында 29 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Ал Головскойдан кейінгі орынды шабуылшы Мұрат Сүймағанбетов еншілесе, үшінші сатыға капитан Руслан балтиев орнықты.
«Қайрат» командасы Дмитрий Огайдың жаттықтыруымен Түркия жеріне оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті. Алдағы маусымға жаңадан ойыншылар шақыртып, құрамға толықтырулар енгізіп жатқан «Қайраттың» су жаңа бапкері Огай Андрей Травинді байқауға алыпты. Қазақстан ұлттық құрама командасында 19 кездесу өткізген жартылайқорғаушы «Кайрат», «Женис», «Восток», «Алма-Ата», «Жетысу», «Тобол» командаларында өнер көрсеткен болатын. Енді келер маусымды 32-жасар ардагер ойыншы алматылық ұжымда өткізуді ойлап отыр екен.