Гонсало Игуаин маусым соңында мансабын аяқтамақ

06.04.2022, 01:29
Футболшы 2020 жылдан бері МЛС-те өнер көретіп келеді.
Гонсало Игуаин маусым соңында мансабын аяқтамақ

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Гонсало Игуаин осы маусымның соңында мансабын аяқтайды. Ойыншының жоспарлары туралы оның әкесі әрі агенті Хорхе Игуаин хабарлады.

«Гонсало Аргентинаға оралмайды. Ол маған осы жылдың соңында мансабын аяқтап, футболдан кететінін айтты.

Мен оның мансабын аяқтағаннан кейін де футболмен байланыста болғанын қалаймын. Ол көп нәрсені біледі, бірнеше жерде ойнаған, футболда басқа қызметте жүріп-ақ жетістікке жете алады. Мен үшін ол футболдан кетіп қалса, қорлық болар еді», — деді Хорхе Goal порталына берген сұхбатында.

Игуаин 2020 жылы «Интер Майамиге» ауысқан болатын. Ойыншының клубпен келісім-шарты осы маусымның соңына дейін есептелген. Бұған дейін аргентиналық ойыншы «Ювентус», «Челси», «Милан», «Наполи» және «Реал Мадрид» командаларында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×