Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік голы анықталды

06.04.2022, 00:04
«Ақтөбе шабуылшысының соққан голы үздік шықты.
Премьер-лиганың наурыз айындағы үздік голы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның наурыз айындағы үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.  

Жанкүйерлердің таңдауына Қазақстан OLIMPBET- Чемпионатының бастапқы 3 турының ойындары аясында соғылған 6 гол ұсынылды. 

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» футболшысы Уго Видемонттың голы бірінші орынға ие болды. Аталмыш голды Видемонт Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты 2-турының ойынында «Атырау» қақпасына соқты (2:1). Бұл нәтижелі соққыға 894 (43, 57 %) адам өз дауыстарын берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×