Гонсало Миро: “Барселонаны Примера RFEF-ке (үшінші дивизионға) түсіру керек.”

28.04.2025, 16:30

“Реал Мадрид өз жанкүйерлеріне бұл лиганың сатып алынғанын сендіргісі келеді."

Гонсало Миро: “Барселонаны Примера RFEF-ке (үшінші дивизионға) түсіру керек.”

Испаниялық тележүргізуші, спорт шолушысы және қоғамдық-саяси пікірталастарға жиі қатысатын медиа тұлға Гонсало Миро "Барселона” және "Реал Мадрид” жайлы былай деп пікір білдірді:

“Менің ойымша, Негрейра ісінен белгілі болған деректердің өзінен-ақ Барселонаны Примера RFEF-ке түсіруге толық негіз бар. Мен бұл жерде ешқандай жанкүйерлік көзқараспен айтып отырған жоқпын.” — деді ол Хуанма Кастаньоға берген сұхбатында.

Негрейра ісі дегені "Барселонаның” Испания төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Энрикес Негрейраға 1,4 миллион еуро төледі деген айыппен байланысты..

Миро сондай-ақ "Реал Мадрид" клубының, әсіресе олардың медиа арнасы "Real Madrid TV” арқылы төрешілерге қысым көрсетеді деген мәселеге тоқталды. Бұл жағдай әсіресе Копа дель Рей финалы алдындағы төреші Де Бургос Бенгоэчеаның баспасөз мәслихатынан кейін күшейген.

“Реал Мадридтің төрешілерге жасап жатқан әрекеті — масқара. Бұның бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, төрешілерге қысым көрсету, екіншіден, өз жеңілістерін ақтау, үшіншіден, Ла Лиганың имиджіне зиян келтіріп, Еуропалық Суперлиганы құруға жол ашу. Маған көрініп тұрғаны — Реал Мадрид өз жанкүйерлеріне бұл лиганың құнсыз, сатып алынған, бәрі алдын ала келісілген деген ойды сіңіргісі келеді. Егер төрешілер болмағанда, олар әлдеқайда көп титул ұтар еді дегенді сендіргісі келеді.” деп толықтырды ол.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×