“Біз Еуропадағы ең үздік команда емеспіз.” — Энрике “Арсеналмен” болатын матч алдында “ПСЖ”-ны төмен бағалады

28.04.2025, 15:30

Жұма күні кешке Франция лигасының матчында “Ниццаға” 3:1 есебімен жеңілгеннен кейін Луис Энрике өз командасының әлеуетін төмен бағалады. Бұл мәлімдемені ол УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалында “Арсеналға” қарсы дайындық барысында жасады.

“Біз Еуропадағы ең үздік команда емеспіз.” — Энрике “Арсеналмен” болатын матч алдында “ПСЖ”-ны төмен бағалады

Париждіктер маусымның екінші жартысындағы ойындары үшін көп мақтауларға ие болды. “Ливерпуль” мен “Астон Виллаға” қарсы тамаша өнер көрсетіп, Франция чемпионатында дерлік жеңіліссіз серия жасап, сарапшылар мен жанкүйерлердің, соның ішінде Джейми Каррагердің де пікірінше, ПСЖ Еуропадағы ең үздік команда атанды.

“Ниццаға” қарсы жеңіліске дейін ПСЖ Лига 1-де қатарынан 30 матч бойы жеңіліс көрмеген еді. Бұл рекорд үзілгенімен, Луис Энрике шәкірттері әлі де  "Требль” жеңіп алуға мүмкіндіктері бар.

Осындай тарихи маусымға қарамастан, Энрике “Арсеналға” қарсы матч алдында командасының деңгейін аса көтермеді. Лига 1-дегі алғашқы жеңілістен кейін журналистерге берген сұхбатында париждіктердің бапкері:

“Біз Еуропадағы ең үздік команда емеспіз, әрі ешқашан өзімізді сондай деп атаған емеспіз.” деді.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×