
«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин «Тұранмен» болған ойын туралы пікірін айтып, шымкенттік команданың мақсатымен бөлісті.
Айта кетейік, кеше шымкенттік ұжым 1:0-мен басым түсіп, қатарынан екінші жеңісін тіркеген болатын.
«Ойын өте принципиалды болды. Бұл осы оңтүстікте басым болғысы келетін қарсыластардың ойыны екенін білеміз. «Ордабасы» түсінікті, ұпай жоғалтуға болмайтын ситуацияда тұр. Қарсылас турнирлік кестеде бізден жоғары орналасқан және маусымды сәтті бастаған еді. Бұл бәсекеде бізге үш ұпай алу маңызды болған. Ең бірінші кезекте бұл кездесудің бүкіл жауапкершілігін түсініп, барынша сауатты, ақылды ойнаған футболшыларға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ, өзінің жұмысын атқарып шыққан қақпашыға да рахмет. Футболшылар өз мүмкіндігін тапты. 1:0 кезінде қарсылас бізді қатты қыспаққа алып, алға ұмтылған, ал мұндай сәт үнемі қауіпті келеді. Бірақ біз төзе білдік. Біз үшін қазіргі кезеңде ең маңыздысы нәтиже. Бастысы да сол нәтиже болып тұр», - деді А. Мартин.
ҚПЛ-дің 6 турынан кейін «Ордабасы» 8 ұпаймен сегізінші сатыға көтерілсе, «Тұран» 7 ұпаймен бір орын төмен орналасты. Шымкенттік клуб келесі матчын 3-мамырда «Атырауға» қарсы өткізеді. Ал түркістандықтар сол күні «Жетісуды» қабылдамақ.
Біздің серіктес: FONBET