Футболдан Грекия ішкі біріншілігінің ХХV тур ойындарының орталық кездесуі ірі қақтығыспен басталды. Нәтижесінде «Панатинайкос» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы ойын 15 минутқа кешігіп басталды.
Афины қаласы командасының жанкүйерлері кездесу алдында қонақ команданың жаттығу жасап жүрген ойыншыларына жаппай ұмтылған. Себебі, әзірге белгісіз. Күзетте тұрған тәртіп сақшыларының өзі жанкүйерлерді тоқтата алмай қалған. әртіпсіздік салдарынан бірнеше ойыншылар жарақат та алған. Сонымен қатар, «Панатинайкос» жанкүйерлері тез тұтанатын заттарды да пайдаланыпты. Қонақ команданың бас бапкері Витор Перейра алаң иелерінің жанкүйері лақтырған орындықтан жарақат алуға аз-ақ қалған. Жанкүйерлер бассыздығы мұнымен тоқтап қалмай, екінші тайм басында «Олимпиакос»жартылай қорғаушысы Пайтим Касами жанкүйерлер лақтырған отшашудан жарақат алды.Грекия елінің футбол басшылығы аталған оқиғаға байланысты нақты бір шешім шығарған жоқ. Тәртіпсіздік салдарынан жарақат алғандар туралы ақпаратты құпия сақтап отыр. Ал ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Массагет.кзБіздің серіктес: FONBET