Сергей Давыдов: «Ешқашан шетелде ойнаған жоқпын»

24.02.2015, 01:34
Сергей Давыдов: «Ешқашан шетелде ойнаған жоқпын»
«Ақтөбенің» ресейлік бұрынғы шабуылшысы Сергей Давыдов ешқашан шетелде ойнамағанын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ». Бұл ақпаратты ресейлік ойыншы «Футбольная кухня» телевизиялық бағдарламасында айтты. Бағдарлама жүргізушісі Виктория Лопырева Давыдовтан шетелде ойнап-ойнамағанын сұраған болатын, бұған «Торпедоның» форварды Ресей чемпионатынан бөлек еш жерде өнер көрсетпегенін айтты. Естеріңізге сала кетсек, Давыдов 2013 жылы қазандық «Рубиннен» «Ақтөбеге» жалға берілді. Батысқазақстандықтар сапында 16 ойын өткізіп, 2 гол соққан болатын.   «PROСПОРТ» порталынан  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×