Грекия Қазақстан құрамасына қарсы ойынға қатты дайындалып жатыр

04.03.2024, 13:00

Грекия елінің футбол федерациясы құрама ойыншыларының Қазақстанға қарсы матч алдында жақсы дайындалып алуы үшін Суперлига ойындарын кейінге шегерген, деп жазады Аладоп.кз. 

Грекия Қазақстан құрамасына қарсы ойынға қатты дайындалып жатыр

21 наурыз күні гректер Афины қаласында Қазақстан құрамасын күтеді. Ұлттар Лигасының жартылай финалдық матчында жеңімпаз атанған ұжым Люксембург пен Грузия арасындағы текетіресте асығы алшысынан түскен командаға қарсылас атанбақ.

Онымен қоса, Грекия футбол федерациясы қауіпсіздік шараларын жан-жақты күшейтуді жоспарлап отыр екен. Бұған себеп, өткен жылдың тамыз айында АЕК жанкүйерлері “Динамо” Загреб фанаттарымен жаппай төбелесіп, салдарынан бір адам оқиға орнында жан тапсырған болатын. Грекия елге қонаққа келген қазақ жанкүйерлерін бөлек трибунаға жайғастырмақшы. Одан бөлек, көк туымызды желбіреткен отандастарымыз стадионға бөлек есіктен кіретін болады. Бұл шаралар қызуқанды грек фанаттары мен Қазақстан жанкүйерлерінің жолы түйіспеу үшін жасалынып отыр. 

Ұлттар Лигасы арқылы Еуроға жолдама алған құрама Еуропа чемпионатының F-тобында Португалия, Түркия және Чехия ұжымдарымен бір топта бақ сынаспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×