Месси тарихи рекорд орнатты

04.03.2024, 13:54

“Интер Майами” мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси жаңа рекорд орнатты, деп жазады Аладоп.кз.

Месси тарихи рекорд орнатты

Шабуылшы тарихи көрсеткішті "Орландоға" қарсы ойында тіркеді. Аталмыш кездесуде ол дубль авторы атанды.

Дәл қазіргі сәтте Месси чемпионттар аясында соққан голдар санын 500-ге жеткізді (474 гол испан Ла Лигасында, 22 гол Франция біріншілігінде және 4 гол МЛС-те). 

Аргентиналық жалпы клубтық турнирлерде барлығы 891 ойын өткізіп, 722 гол мен 345 голдық пас берді. 

Айта кетейік, Лионель Месси МЛС-те өткізген соңғы 3 ойында 3 гол соғып, лига сұрмергендері көшін “Ди Си Юнайтед” шабуылшысы Кристиан Бентекемен бөлісіп тұр.

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×