Грекия маңызды матч алдында өз ойыншысынан ажырап қалды

Қорғаушы Константинос Кулиракис Қазақстанға қарсы ойында Грекияға көмектесе алмауы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

Грекия маңызды матч алдында өз ойыншысынан ажырап қалды

ПАОК қорғаушысы Грекияның ойын-алды жаттығуларында өзін жайсыз сезінген. Ішінің ауырып тұрғанын айтқан Кулиракис медициналық тексеріске дереу жөнелтілді. Оның Қазақстанға қарсы ойынды өткізіп алу қаупі жоғары.

2022 жылдан бері Константинос “эллиндер” құрамасында 5 ойын өткізіп үлгерген. 

Айта кетейік, Грекияның негізгі орталық қорғаушылары ретінде Константинос Мавропанос пен Пантелис Хацидиакос танылып келеді. Бапкер Густаво Пайет бұл таңдемді құраманың барлық ойындарында шығарып келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×