Бейсенбіден жұмаға ауған түні қос командаға финалмен тең теке-тіресте төрелік ететін Данни Маккели. Нидерландылық төреші осыған негізінен Эредивизиде қызмет жасап келген.
УЕФА бірдеңені білгендей-ақ маңызды матчқа Маккелиді тағайындапты. Нидерландылық маман өзі қызмет еткен соңғы 9 кездесуінде футболшыларды 6 сары қағаздан артық жазаламаған. Сондай-ақ, соңғы 10 ойынның 9 да ешкімді алаңнан қумапты. Осындай міне футболшыларға еркіндік беретін төреші Данни. Ертең жан алысып жан берісетін бәсекеде Нидерландылық төрешінің осы салқынқандылығы басты орынға шығуы мүмкін. Себебі, Грекия мен Қазақстан арасында өте тартысты бәсеке күтілуде. Ешкім ешкімді аяи қоймайды.
Айта кетейік, Грекия-Қазақстан арасындағы тоғыспалы кездесу ертең сағат 00-45 те басталады. Ұтқан ұжым наурыздың 26-да Грузия-Люксембург жеңімпазымен Еуро-2024 жолдамасын сарапқа салады.
Біздің серіктес: FONBET