Григорий Бабаян: “Біздің мақсатымыз – Албаниядан өзіміз үшін ең қолайлы нәтижемен қайту”

Бүгін, 13:05

"Астана" бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Албаниялық "Динамо Сити" командасына қарсы өтетін алғашқы ойын алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Григорий Бабаян: “Біздің мақсатымыз – Албаниядан өзіміз үшін ең қолайлы нәтижемен қайту”

Бапкердің айтуынша, бұл стадион клуб үшін ерекше маңызға ие. Дәл осы жерде 2023 жылы "Партизанимен" болған ойыннан кейін "Астана" өз тарихында тұңғыш рет Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған болатын. Алайда, ертеңгі ойын мүлдем басқа сипатта болмақ. Григорий Бабаян "Динамо Сити" командасының допқа иелік етуді жақсы көретінін және өз лигасында бұл көрсеткіш бойынша үздік екенін атап өтті.

Бапкер қарсыластың алғашқы минуттардан бастап қысым көрсетіп, өз ойынын таңуға тырысатынын болжайды. "Астананың" басты міндеті – осы қысымға төтеп беріп, қолайлы нәтижеге қол жеткізу.

Команда үшін басты кедергілердің бірі – ұзақ жол болды. Албанияға жету үшін футболшылар 18 сағатқа жуық уақытын жолда өткізген. Дегенмен, Бабаян бұл жағдайдың ақталуға себеп болмайтынын, команда Қазақстан намысын лайықты қорғауы тиіс екенін қатаң ескертті.

Клубтағы қаржылық қиындықтарға байланысты өткен маусымдағы сегіз ойыншы командадан кеткен. Қазіргі құрамдағы футболшылар барлық жауапкершілікті сезініп, психологиялық және физикалық тұрғыдан дайын отыр.

Ойыншылардың жағдайына тоқтала келе, бапкер Иван Башичтің мәселесін де қозғады. Башич командаға тек кеше ғана қосылды. Ол Әлем чемпионатынан шаршап келген көрінеді. Сол себепті, оны бірден негізгі құрамда шығару ойыншыға белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта "Астана" Қазақстан Премьер лигасының турнирлік кестесінде 16 ойыннан кейін 26 ұпаймен 5-ші орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×