Конференциялар лигасының 2026/27 маусымының алғашқы іріктеу кезеңінде Елордалық "Астана" Албаниялық "Динамо Сити" (бұрынғы "Динамо Тирана") командасына қарсы кездесу өткізді. Бұл тек екі клубтың ғана емес, екі түрлі футбол мәдениетінің текетіресіне айналып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу бүгін яғни, 2026 жылдың 9 шілдесінде Албаниядағы "Элбасан Аренада” жергілікті уақытпен сағат 20:00-де (Қазақстан уақытымен 00:00) басталады. Ал қарымта кездесу 16 шілде күні елордадағы "Астана Аренада” өтпек.
“Астананың” соңғы матчтарында тұрақсыздық байқалады. Олар ел чемпионатында "Жеңісті” 1:0 есебімен жеңіп, кейін 2:2 есебімен тең түссе, "Ақтөбеден” 2:0 есебімен ұтылып қалған. Алайда, "Ертісті" 2:0 есебімен тізе бүктіріп, "Алтаймен" 1:1 есебімен тең ойнады.
Албаниялық клуб соңғы бес ойынның үшеуінде жеңіске жеткен. Олар "Вллазния Шкодерді” (2:0) және "Эгнатияны" (3:2) ұтып, жақсы қарқын алған. Дегенмен, "Эгнатия" (2:0) мен "Эльбасаниден” (3:0) ірі есеппен жеңіліс тапқаны да бар.
"Астананың" Еурокубоктардағы тәжірибесі өте бай. Олар бұған дейін бірнеше азулы командалармен иық тірескен.
"Динамо Сити" де осал қарсылас емес. Олар өткен маусымдарда Хорватиялық "Хайдук Сплитті" өз алаңында 3:1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған. Сондай-ақ, Поляктық "Ягеллониямен” 1:1 есебімен тең түсуі олардың кез келген қарсыласқа қарсы тұра алатынын дәлелдейді.
Түйіндей келе, "Астананың” Еуропалық аренадағы мол тәжірибесі Албаниялықтардың жалынды жігеріне тап болды. Бұл текетіресте тактикалық сауаттылық пен физикалық дайындық шешуші рөл атқарады.