«Мені қалай жұмыстан шығарады?»: Игорь Черевченко «Ақтөбедегі» болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 08:40

«Ақтөбе» бас бапкері Игорь Черевченко командадан кетуі мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Мені қалай жұмыстан шығарады?»: Игорь Черевченко «Ақтөбедегі» болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Тәжірибелі маман клубпен келісімшарты аяқталғанын, алайда қазіргі уақытта жаңа келісімге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарында Игорь Черевченконың «Ақтөбедегі» қызметінен босатылуы мүмкін екені туралы хабар тараған болатын. Алайда бапкер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Игорь Черевченко журналистердің қызметінен босатылуы мүмкін екені туралы сұрағына жауап беріп, мұндай ақпараттың қисынсыз екенін айтты.

Оның сөзінше, клубпен жасалған келісімшарт 2026 жылғы 1 қарашада аяқталған. Сондықтан қазіргі уақытта оны қызметінен босату туралы әңгіме қозғаудың өзі орынсыз.

Бапкер БАҚ-та тараған хабарламаларды оқып, таңғалғанын жасырмады.

«Мені қалай жұмыстан шығарады? Клубпен келісімшартым әлдеқашан аяқталған. Мұндай ақпаратты оқып, таңғалдым. Қазір біз келісімді ұзарту мәселесін талқылап жатырмыз», – деді Черевченко.

Бас бапкердің айтуынша, клуб басшылығы оған жаңа келісімшарт жобасын жолдаған.

Алайда тараптар әзірге барлық талаптар бойынша ортақ шешімге келген жоқ.

«Клуб өз талаптарын ұсынды, мен де өз шарттарымды жеткіздім. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Мен «Ақтөбедегі» жұмысымды жалғастыруым мүмкін», – деп түсіндірді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×