Григорий Бабаян: «Чемпионаттағы үзіліс алдында маңызды жеңіске жеттік»

30.05.2021, 14:54
«Тобыл» мен «Астана» арасындағы ұпай айырмашылығы үшке дейін қысқарды.
Григорий Бабаян: «Чемпионаттағы үзіліс алдында маңызды жеңіске жеттік»

"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаян "Ақтөбемен" болған ойыннан соң пікірімен бөлісті:

- Ойынды ұйымдастыру тұрғысынан алғанда бірінші таймды жақсы өткіздік. Екі гол соққан соң да мүмкіндіктеріміз болды. Жалпы, бірінші таймдағыдай ойын көрсетсек қарсыласты 2-3 доп айырмашылығымен ұтуымыз керек еді.

Екінші тайм мүлдем көңілімнен шыққан жоқ. Жинақы түрде ойнай алмадық. Жігіттер қарқындарын бәсеңдетіп алды. Үзіліс кезінде оларға босаңсымау қажеттігін айтқан едім. Қарсыластар құрамында шабуыл шебінде жылдам ойнайтын футболшылар бар екенін айттым. Екінші таймда бізде бірнеше мүмкіндіктер болса да, қарсыластардың көп шабуылдауына жол беріп қойдық. Айып алаңында болмайтын тұста қателестік. Мұндай футбол бізге жат. Әрине, чемпионаттағы үзіліс алдында маңызды жеңіске жеттік. Осы қуантады.

Осы сәтті пайдаланып, Қазақстан құрамасына, біздің жігіттерге алдағы ойындарда сәттілік тілеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×