"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаянға шетелдік клубтан ұсыныс түскендіктен, ойыншыларға және жаттықтырушылар құрамына командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Гол емес!" телеграм арнасы.
"Тобылдың" бас бапкері Григорий Бабаянға шетелден жақсы ұсынысы келіп түсті. Маман өзінің жақында командадан кететіндігі туралы ойыншылар мен бапкерлер құрамына жариялап үлгерді. Толығырақ ақпарат жақын арада пайда болады", - делінген хабарламада.
Ал Vesti.kz сайты Григорий Бабаянның жұмысын Ресей Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін екенін хабарлады. 15 маусымға жоспарланған келіссөздер сәтті өткен жағдайда, Бабаян "Нижний Новгород" клубын тізгіндеуі мүмкін болгариялық маман Станимир Стойловтың көмекшісі болып қызмет атқармақ.
Қазақстандық бапкер 2014-2018 жылдар аралығында "Астанада" және Қазақстан құрамасында Стойловтың көмекшісі болды. Ол ресейлік клубта да дәл осы функцияларды орындайды деп болжануда.
Еске салайық, кеше, 13 маусымда "Тобыл" чемпионат көшбасшысы "Астана" командасымен тең ойнады - 1:1. Командалар арасын небәрі үш ұпай бөліп тұр.
Біздің серіктес: FONBET