Кирилл Кекер: «Клуб басшылығына сенім артып, елдің ең жақсы клубын жаттықтыруға мүмкіндік бергені үшін ризамын»

15.06.2021, 00:30
Алматылық клуб турнирлік кестедегі позициясын нықтады.
Кирилл Кекер: «Клуб басшылығына сенім артып, елдің ең жақсы клубын жаттықтыруға мүмкіндік бергені үшін ризамын»

"Қайрат" ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында "Таразға" қарсы өткен матч туралы пікір білдірді:

- Кирилл Сергейұлы, жеңісіңізбен құттықтаймыз!

- Жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет! Біз үшін жеңіске жетіп, қақпамызға гол жібермеу маңызды болды.

- Өзіңізді негізгі команданың бас бапкері ретінде қалай сезініп жүрсіз?

- Жауапкершілікті сезінудемін. Мен клуб басшылығына сенім артып, елдің ең жақсы клубын жаттықтыруға мүмкіндік бергені үшін ризамын.

- Бүгін негізгі құрамда екі ойыншы болмады: Алықұлов пен Канте, шабуылда оларсыз қиын болды ма?

- Олар өздерінің ұлттық құрама командаларында болды және біз олардың ойынға қатыса алмайтынын білдік. Олардың бұл ойынға жетіспегені көрініп тұрды.

- Сондай-ақ бүгін қосалқы құрамда көптеген жас ойыншылар болды. Бұл сіздің "Қайрат-Жастар" ойыншыларын негізгі командаға тартатындығыңызды білдіре ме?

- Ия, шынында да, қосалқы құрамда тек жас ойыншылар отырды және мен олардың мүмкіндіктерін жақсы білемін. Олар бірінші команданың жаттығу процесінде тәжірибе жинайды, біз "Қайрат-Жастар" ойыншыларын белсенді түрде жаттығуға тартамыз, оларға өздерін дәлелдеуге мүмкіндік береміз, содан кейін бәрі тек өздеріне байланысты болады.

Мен тағы да барлық жанкүйерлерімізді жеңісімен құттықтаймын! Бізге олардың қолдауы ауадай қажет. Таразда бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×