Патрик Шиктің соққан қос голы Чехияға жеңіс сыйлады

15.06.2021, 02:00
Шик әзірге Еуропа чемпионатындағы ең әдемі голды соқты.
Патрик Шиктің соққан қос голы Чехияға жеңіс сыйлады

Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің 1-тур матчында Чехия құрамасы Шотландия құрамасын жеңді. Кездесу Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Даниэль Зиберт бастаған германиялық төрешілер тобы қызмет етті.

42-минутта Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шик есеп ашты. Владимир Цоуфаль оң қапталдан айып алаңына пас асырған еді - Шик қорғаушылардан биік секіріп, допты басымен қақпаның алыс бұрышына бағыттады. Патрик 52-минутта екінші голды алаңның ортасынан соқты. Бұл әзірге Еуропа чемпионатындағы ең үздік гол болып табылады.


Еске сала кетейік, D тобында Шотландия мен Чехиядан бөлек, Англия мен Хорватия құрамалары бақ сынауда. Ол кездесу 1:0 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×