Штрели Мамба германиялық клубқа ауысты

15.06.2021, 02:52
Шабуылшы алматылық клуб сапында небәрі екі гол соқты.
Штрели Мамба германиялық клубқа ауысты

"Қайрат" клубының шабуылшысы Штрели Мамба мансабын Германияда жалғастырады, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

Мамба екінші Бундеслигада бақ сынайтын "Ганза" клубына ауысты. Шабуылшы жаңа командасында жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. "Ганза" клубы бір жылдан кейін Штрелиді сатып алу құқығына ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы шабуылшы "Қайрат" сапына осы маусымның басында "Падерборн" клубынан ауысып келген еді. Неміс футболшысы алматылық клубтың жейдесінде 13 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×