
Англия құрамасының ойыншысы Джек Грилишке "Манчестер Ситидегі" мансабы аяқталғаны ресми түрде жеткізілді. Бас бапкер Пеп Гвардиола оның команданың алдағы маусымдағы жоспарларына енбейтінін ашық білдіріп, клуб ойыншыны жазда сатуға әзір екенін мәлімдеді.
Соңғы маусымдарда Грилиш жарақаттар мен тұрақсыз ойынына байланысты негізгі құрамда сирек шықты, Фил Фоден мен Жереми Доку сияқты ойыншылар оның орнын лайықты алмастыра білді.
Грилиш өткен маусымда 36 ойынға қатысып небәрі 3 гол соғып, 2 ассист жасаған.
Клуб басшылығы Грилишке оның сатылуы мүмкін екенін алдын ала ескертіп отыр.
Қазіргі таңда Грилишке қызығушылық танытып отырған бірнеше Ағылшын және Еуропалық клубтар бар.
Джек Грилиштің 2021 жылы “Сити” қатарына £100 миллионға келгені футбол әлеміндегі ең ірі трансферлердің бірі болған.
Біздің серіктес: FONBET