“Манчестер Юнайтедтің” бұрыңғы ойыншысы Неманья Матич ЛГБТК+ логотипін жауып қойғаны үшін екі ойынға шеттетілді

06.06.2025, 12:00

Францияның “Лион” клубының ойыншысы Неманья Матич маусымның соңғы турында “Анже” клубына қарсы ойын кезінде өз жейдесіндегі кемпірқосақ түстес ЛГБТК+ логотипін скотчпен жауып қойғаны үшін екі матчқа дисквалификация алды.

“Манчестер Юнайтедтің” бұрыңғы ойыншысы Неманья Матич ЛГБТК+ логотипін жауып қойғаны үшін екі ойынға шеттетілді

Франция Лига 1 маусымның соңғы турында дәстүрлі түрде ЛГБТК+ қауымдастығын қолдау мақсатында барлық ойыншылардың формасына кемпірқосақ түстес логотип енгізеді, алайда Матич бұл логотипті қара түсті лентамен жауып шыққан. Бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызып, Франция футбол билігі тарапынан тәртіптік шара қолданылды.

Франция кәсіби футбол лигасы Матичке екі ойыннан шеттету жариялады. Лига бұл қадамды “төзімсіздік пен символдық қарсылық” ретінде бағалады.

Матич бұл әрекеті жайлы көпшілікке ресми түсініктеме бермеді.

Алайда бұған дейінгі сұхбаттарында ол дін мен жеке наным-сенімге қарсы келетін акцияларға қатысқысы келмейтінін бірнеше рет атап өткен болатын.

Ол: “Мен барлығына құрметпен қараймын, бірақ бәрін қолдауға міндеттімін деген сөз емес” — деп айтқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×