
"Манчестер Юнайтедтің" бұрыңғы шабуылшысы Мэйсон Гринвуд Англияға, нақтырақ айтсақ Премьер лигаға қайта оралғысы келеді. Оның айтуынша, өткендегі дау-дамай, жанжал, айыптаулар халық жадынан өшіп, көпшілік бұл жағдайды артта қалдырған яғни ұмытқан. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.
2023 жылы “Манчестер Юнайтедпен” 17 жылдық байланысын үзген Гринвуд Францияның “Марсель” клубына 27 миллион еуроға ауысты. Бұл — Гринвудтың футбол мансабындағы жаңа кезеңнің басталуы болды.
Ол бір маусым Испанияда жалда ойнап, кейін Францияға ауысты. “Марсельде” ол биылғы маусымда барлық турнирлерде 19 гол соқты.
Алайда клубтың бас бапкері Роберто Де Дзерби Гринвудтың қарқыны бәсеңдегенін байқап, оны негізгі құрамнан шеттетіп тастады.
2022 жылы Гринвуд зорлық-зомбылық, қысым көрсету және қорқыту баптары бойынша қамауға алынған еді. Бірақ кейінірек басты куәгерлердің айғақтарынан бас тартуы және жаңа дәлелдердің пайда болуы салдарынан айыптар алынып тасталды.
Осы жағдайдан кейін Гринвуд жеке өмірін қайта құру үшін серігі Харриет Робсонмен және екі кішкентай қызымен бірге шетелге көшті.
Бірақ екі жылдан кейін Гринвуд бұл жаңа өмірінің қызығын жоғалтты және ол туған жерін, отбасын, достарын сағына бастады. Сондықтан ол Англияға оралуды аңсап отыр.
Гринвуд Англия құрамасында тек бір ойын өткізген. Қазір ол ұлттық құрамасын ауыстыруға өтініш беріп, Ямайка құрамасы сапында ойнауға ниетті. Бұл құраманы бұрынғы Англия бапкері Стив Макларен жаттықтырады.
Мэйсон Гринвуд Англия Премьер лигасына оралуға толық дайын. Енді оның болашағы — қоғамның қабылдауына және өз ойынының тұрақтылығына байланысты болмақ.
Біздің серіктес: FONBET